logo
ГЛАВНЫЙ ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ КОСТАНАЯ
Найти

 
Курс валют

Шөптібай Байділдиннің «Оюмен ой айтқан елміз» атты жеке көрмесіне

опубликовано 28.08.2012  просмотров 3540
1. Көрменің ашылуы: 2012 ж. 29 тамыз күні сағ. 15.00-де

2. Өткізілу орны: Облыстық көркемсурет галереясы, Алтынсарин көш, 113. Тел.:50-20-32, факс:50-28-88, http://odt-kst.kz

3. Ақпарат: 29 тамыз күні Облыстық көркемсурет галереясында оюшы, қолөнер шығармашылығының шебері Байділдин Шөптібайдың «Оюмен ой айтқан елміз» атты жеке көрмесі ашылады. Автор көрме экпозициясына 200-ден астам ою үлгісі қойған. Ол осы салада көп жылдан бері еңбек етіп жүр. Оюдың түрлерін халық өнері мен қағидалары негізінде өзі ойлап тауып, оны қағаз бетіне түсіреді.

Байдильдин Шөптібай 1946 жылы Жанкелдин ауданы қазіргі Айса Нұрманов ауылында дүниеге келген. 1999 жылдан бері қазақтың ою-өрнектерінің шығуы мен жасалуы жайлы зерттеу жүргізіп, ұлттық ою-өрнек түрлерін жасады. Ою-өрнектің 1500-ден аса түрлерінің авторы. Авторлық құқығы қорғалған. 2006 жылы «Өнер» баспасынан «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Қазақтың ою-өрнектері» атты кітабы 2000 данамен, 2011 жылы «Ою ой, өрнек сал» атты ою-өрнек кітабы, 1000 данамен Екібастұз қаласындағы баспадан шықты.

Ш. Байділдиннің ою-өрнек көрмелері 1992 жылы Түркияда өткен Дүниежүзілік жасөспірімдер фестивалінде, 1996 жылы Америкада өткен Атланта олимпиадасында, Алматы, Астана, Қостанай, Арқалық қалаларында қойылған. 2009 жылы Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының.

Көрме айдың соңына дейін жұмыс істейді.

4. Ұйымдастырушы: Облыстық Шығармашылық үйінің Көркемсурет галереясы.




Оценить
0
Поделиться:
Оставьте свой комментарий/отзыв Шөптібай Байділдиннің «Оюмен ой айтқан елміз» атты жеке көрмесіне
Главный информационный портал Костаная
Новости Костаная, объявления, авто, недвижимость, работа, афиша, форум...
© 2011-2023 ТОО «Дело в шляпе», г.Костанай
Разработка портала ТОО «Аксон», www.axon.kz

Вверх