logo
ГЛАВНЫЙ ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ КОСТАНАЯ
Найти

 
Курс валют

Сергей Луговойдың жеке көрмесіне БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

опубликовано 22.05.2012  просмотров 1397
1. Көрменің ашылуы: 2011 ж. 25 мамыр күні сағ. 15.00-де

2. Өткізілу орны: Облыстық көркемсурет галереясы, Алтынсарин көш, 113.
Тел.:50-20-32, факс:50-28-88, http://odt-kst.kz

3. Ақпарат: 25 мамыр күні облыстық Көркемсурет галереясында белгілі қостанайлық суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Луговой Сергей Дмитриевичтің «Өткен мен болашақтың арасы» атты жеке көрмесі ашылады. Вернисаж галереяның екі қабатында орналасқан. Экпозицияға автордың графикалық, кескіндеме және мүсін жұмыстары кіреді. Көрме суретшінің белгілі бір уақыт аралығын қамтыған шығармашылық қызметіне өзіңдік есеп беру.
Сергей Луговойдың шығармашылық өмір жолы өте қызық және сан қырлы. Көп жылдар бойы Қостанай көркемсурет-өндірістік шеберханаларында жұмыс істеп жүріп, ол қаланы станоктық және монуметтік безендіру бойынша тапсырыстар орындаған. Оның жұмыстары бүгінге дейін қаламыздың ғимараттарына көрік беріп тұр, бұл «Құрлысшылар» мәдениет үйі, Баспа үйі, педагогикалық колледжі және тағы басқалары. Қазіргі уақытта ол интерьер дизайнымен айналысады, бұл жұмыста оны жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндіктері қызықтырады. Оның дизайнерлік жобалары бойынша «Жемчужина» медициналық орталығы, «Цветная аптека» дәріханалар желісі безендірді. Ол режиссер А.Захарьевтың көркемсурет фильмін түсіруге қатысты. Суретші әрдайым ізденіс үстінде.
Қостанайлық көрермендердің назарына автордың жаңа және бұрынғы шығармашылық жұмыстары ұсынылады.

4. Ұйымдастырушы: Облыстық Шығармашылық үйінің Көркемсурет галереясы.


   
Оценить
0
Поделиться:
Оставьте свой комментарий/отзыв Сергей Луговойдың жеке көрмесіне БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Главный информационный портал Костаная
Новости Костаная, объявления, авто, недвижимость, работа, афиша, форум...
© 2011-2023 ТОО «Дело в шляпе», г.Костанай
Разработка портала ТОО «Аксон», www.axon.kz

Вверх