logo
ГЛАВНЫЙ ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ КОСТАНАЯ
Найти

 
Курс валют

Жас суретші Лущанова Полинаның «Келбет көрінісі» атты жеке көрмесіне

опубликовано 24.07.2012  просмотров 1410
1. Көрменің ашылуы: 2012 ж. 25 шілде күні сағ. 15.00-де

2. Өткізілу орны: Облыстық көркемсурет галереясы, Алтынсарин көш, 113.
Тел.:50-20-32, факс:50-28-88, http://odt-kst.kz

3. Ақпарат: 25 шілде күні Облыстық көркемсурет галереясында қостанайлық жас суретші Лущанова Полинаның «Келбет көрінісі» (портрет) атты жеке көрмесі ашылады. Көрме экспозициясына автордың 20 портрет жанрындағы шығармашылық жұмысы енген, олар графика мен кескіндемеде орындалған.

Лущанова Полина Қостанайда туып-өскен. Ол Қостанай мемлекеттік педагогикалық иститутының Бейнелеу өнері және дизайн факультетінің түлегі. Қазіргі таңда Полина А.И.Никифорова атындағы көркемсурет мектебінің оқытушысы, кезінде ол бұл мектепті үздік аяқтаған. Жас суретші қалалық, облыстық көрмелер мен байқаулардың белсенді қатысушысы. 2008 жылы облыстың мәдени өміріне белсенді араласып, жеке дарыны және жаңашылдығымен көзге түскен жас суретші Қостанай Меценаттар клубының «Шабыт» сыйлығын иеленді.

Жас суретшінің портрет жанрындағы өзіндік ерекше бейнелемелік тілі бар. Көрермен суреттерден әр адамның ерекше бейнесі мен мінезін, көңіл-күйін көре алады. Көрме қыркүйек айына дейін жұмыс істейді.

4. Ұйымдастырушы: Облыстық Шығармашылық үйінің Көркемсурет галереясы.



Оценить
0
Поделиться:
Оставьте свой комментарий/отзыв Жас суретші Лущанова Полинаның «Келбет көрінісі» атты жеке көрмесіне
Главный информационный портал Костаная
Новости Костаная, объявления, авто, недвижимость, работа, афиша, форум...
© 2011-2023 ТОО «Дело в шляпе», г.Костанай
Разработка портала ТОО «Аксон», www.axon.kz

Вверх