logo
ГЛАВНЫЙ ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ КОСТАНАЯ
Найти

 
Курс валют

Павлодар облысының суретші-кескіндемешісі Жанетта Наурузованың жеке көрмесіне

опубликовано 15.08.2012  просмотров 1804
1. Көрменің ашылуы: 2012 ж. 16 тамыз күні сағ. 15.00-де

2. Өткізілу орны: Облыстық көркемсурет галереясы, Алтынсарин көш, 113. Тел.:50-20-32, факс:50-28-88, http://odt-kst.kz

3. Ақпарат: 16 тамыз күні Облыстық көркемсурет галереясында Павлодар облысының суретшісі Жанетта Наурузованың жеке көрмесі ашылады. Автор көрме экспозициясына 70-ке жуық кескіндеме туындысын қойған. Суреттерінің басты кейіпкері «көшпенді халықтың өміріндегі жылқылар». Жанетта Наурузова - кең шығармашылық ізденістегі суретші. Ол суреттердің тақырыбын біріктіріп сериялық жұмыстар жазады. Белгілі бір сюжеттік желіні аяқтап, жаңа бейнелер мен композицияларды іздеуге кіріседі.

Жанетта Наурызова Павлодар қаласында дүниеге келді. Алматыдағы Н.В. Гоголь атындағы көркемдік училищесін аяқтағаннан кейін туған жеріне қайта оралады. Қазіргі таңда Жанетта Наурузова шығармашылықпен белсенді айналысып, суретші-безендіруші болып жұмыс істейді. Павлодар облысының Ақсу қ. (2000, 2002), "Жақсы достарым" - «Arteast» галереясында (Алматы, 2007, 2008), "Конкур" - "Ұлар" галереясында (Алматы, 2010), "Өнер" салонында (2010) жеке көрмелері өтті. "Еуразиялық банк" АҚ өткізген аймақтық «Тәуелсіздіктің өнері» арт-жоба байқауының жеңімпазы (Ақсу, 2011). Суретшінің шығармашылығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай Ақсу қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Автордың жұмыстары Қазақстан, Ресей, Германия, Израильдің жеке меншік топтамаларында. Көрме бір жеті жұмыс істейді.

4. Ұйымдастырушы: Облыстық Шығармашылық үйінің Көркемсурет галереясы.



Оценить
0
Поделиться:
Оставьте свой комментарий/отзыв Павлодар облысының суретші-кескіндемешісі Жанетта Наурузованың жеке көрмесіне
Главный информационный портал Костаная
Новости Костаная, объявления, авто, недвижимость, работа, афиша, форум...
© 2011-2023 ТОО «Дело в шляпе», г.Костанай
Разработка портала ТОО «Аксон», www.axon.kz

Вверх